ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҮШІН ЖЕР УЧАСКЕСІ БЕРІЛІП ЖАТЫР
Өткен жылы Қызылорда-Жезқазған күре жолы бойынан ашылған «Бәйтерек» ауданында жеке тұрғын үй құрылысы үшін 5215 учаске қаралған, қазіргі таңда кезекте тұрған 4507 азаматтардың құжаттары алынып, барлығына оң қорытынды қабылданды, оның ішінде 2745 учаске табысталды. «Бәйтерек» тұрғын ауданынан жерлерді табыстау 2017 жылы толық аяқтау жоспарлануда (2470 учаске).
- Жалпы жеке тұрғын үй құрылысы үшін облыс бойынша 2005 жылдан бері халықтан 110526 арыз түскен, оның 25958-і қанағаттандырылған. Бүгінгі күнге 83049 өтінім заңдылықтарға сәйкес арнайы есепке қойылып отыр. Арнайы есепке алынған өтінімдер тізімі жариялылықты, халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудандар (қала) әкімдерінің веб-сайттарында орналастырылған. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін арнайы кезекке қойылған арыздардың басым бөлігі облыс орталығына тиесілі – 53203 арыз. Жалпы 2005 жылдан бері Қызылорда қаласы бойынша тіркелген арыздардың саны 68808 құрайды, оның 15605 қанағаттандырылды, - дейді облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ш.Қойшыбаев.
2017 жылы жалпы облыс бойынша 8139 жер телімін табыстау жоспарлануда (жалпы кезекте тұрған өтініштердің 10 %), оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша – 4491, ал аудандарда – 3648 учаске.