ДЕПУТАТТАР ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ӘСКЕРИ ТЕХНИКА ТАПСЫРЫСЫНЫҢ БIРЫҢҒАЙ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕСIН ҚҰРУДЫ ҰСЫНДЫ
Бүгiн Мәжiлiстiң жалпы отырысында Бақытжан Ертаев Премьер-министр Кәрiм Мәсiмовтiң атына жолдаған сауалында қару-жарақ, әскери техника мен арнайы құрылғылар тапсырысының бiрыңғай орталықтандырылған жүйесiн құруды ұсынды, деп хабарлайды Bnews.kz.
Халық қалаулысы өз сөзiн бұрынғы әскери адам ретiнде күш құрылымдары саласындағы мемлекет қаржысын жымқыру мен сыбайлас жемқорлықа қатысты оқиғалардың жиi орын алып тұруы қатты толғандыратынын айтып бастады.
«ҚР қауiпсiздiгi мен елдiң қорғаныс қажеттiлiктерiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк қорғаныс тапсырыс жүйесi тауарлар мен қызметтердi сатып алумен айналысатын лауазымды тұлғалар баюдың көзi ретiнде қарастырады. Сондықтан, бүгiнгi күнi қару-жарақпен әскери техникаға қатысты мемлекеттiк сатып алулар саласындағы тендерлердiң жүргiзiлуiнде жоғарғы әскери құрамның арасында құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың жасалуы таң қаларлық жағдай емес», - дейдi Б.Ертаев.
Депутат мұндай жайлар ҚР қауiпсiздiгi мен қажеттiлiгiн өтеу үшiн мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын атқару мен жасау мәселесiнде мемлекеттiк органдарға қатысты құқықтық қатынастардың нақты реттелмеуi салдарынан орын алып отыр деп есептейдi. Бұл сала жетiлдiрiлуi тиiс деген ойын ортаға салды ол.
«Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтар, мемлекеттiк сатып алулар саласында қылмыс жасауға қолайлы шарттар жасайтын түрлi жағдайлардан әскери қызметшiлердi аластату қажеттiгi туындап отыр деп есептеймiз. Қорғаныс ведомствосы мен өзге әскери құрылымдар, құқық қорғау органдарының арнайы әскерлерi басшылығының назары әскери және мобильдiк даярлықты арттыру, ел қорғанысын нығайту, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерiнде болуы тиiс», - деп атап өттi ол.
Жоғарыда көрсетiлген мәселелердi ескере келе, депутат мүдделi мемлекеттiк органдардың қару-жарақ, әскери техника мен өзге құрылғылар тапсырысының бiрыңғай орталықтандырылған жүйесiн құру мәселесiн қарастыруды ұсынды. Бұл ретте ол, жүйенiң әскерилерилермен қатар арнайы кеден қызметтерi, шекара құрылымдары, ұлттық гвардия мен IIМ мен өзге күш құрылымдарын қамтуын атап өттi.
«Мұның бiр түрi ретiнде сатып алулардың тiркелетiн тендерлiк процесстiң жүргiзiлуiн жеке уәкiлеттi мемлекеттiк органға тапсыруды ұсынамыз. Ол тiкелей үкiметке бағынып, мемлекеттiк сатып алуларды жүргiзу мен орналастырудың мақсаттылығын егжей-тегжейiне дейiн зерттеу функцияларын беру қажет. Сонымен қатар, қару-жарақты қолданысқа қабылдау, техника мен арнайы құрылғыларды сатып алу бойынша әскери-техникалық комиссияны құруды ұсынамыз», - деп түйiндедi ол.