АРАЛДЫҚТАР АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында аудандық аурухана мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қалалық демалыс саябағында акция өткізілді.
Аталмыш шараны аудандық жастар денсаулық орталығының дәрігері Н.М.Тұрмағамбетұлы ашып, қоғам дертіне айналған нашақорлықтан жастарды аулақ болуға шақырды. Сонымен қатар, нарколог-дәрігер есірткінің қауіптілігі, адам денсаулығына зияны туралы баяндама жасады. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директор Ә.Ізбасаров аудан тұрғындары мен жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға шақырды. Ұйымдастырушылар тарапынан брошюралар таратылды. Арнайы концерттік бағдарлама барысында әсем әндер айтылып, тұрғындар ерекше көңіл күймен тарады.
Сондай-ақ орталық базар маңында нашақорлықтың алдын алу жөнінде тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жұмыстары жүргізілді.