ОРАЛМАНДАР ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ
Республикалық «Оралман» деректер қорының мәліметі бойынша 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін облыс аумағына Өзбекстан республикасынан 3 отбасы (5 адам) көшіп келді. Олар оралман мәртебесін алып, Қызылорда қаласы мен Жаңақорған ауданына орналасты.
Алғашқы тоқсанда отандастарымыздың қатарын толықтырған оралмандардың барлығы дерлік еңбекке жарамды жаста. Біреуінің жоғары (химик-технолог) білімі бар.
Жұмыспен қамту орталықтарына тіркелген осы шеттен келген ағайынның екеуі де бүгінде жұмысқа орналасты.