ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
Жаңақорған ауданында Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай АІІБ қызметкерерінің арасында волейбол мен шағын футболдан жарыс өтті.
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» дегенді ұстанған жарыс қызметін атқарып жүріп көз жұмған А.Ысқақов, Қ.Әбітаев, Б.Махмутжанов, С.Оразов, Д.Матенов, С.Төлежанов бауырларымызды еске алуға арналды.
Жарыстың ашылуында қаза болған полиция қызметкерлерінің туған-туыстары мен жақындары, әрітпестері естеліктер айтып, сайыстың сәтті өтуіне тілек білдірді.