БАЙҚОҢЫРДАН ОБА ІНДЕТІ ТАБЫЛДЫ
Байқоңыр төңірегінде оба індеті табылды. Бұл туралы қала әкімшілігінің ресми сайтында хабарланып отыр.
«Төтенше жағдайды ескерту, жою жөніндегі комиссия «Байқоңыр» кешені аумағында оба індетінің белгісі табылғанын хабарлайды. Қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдайға байланысты қала сыртына шыққанда сақтық танытып, абай болуға шақырамыз» делінген хабарламада.
Сондай-ақ, осы оқиғаға байланысты қалада төтенше жағдайды жою және ескерту жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтіп, онда кешен бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сергей Огарь мен Ресей Федералды медико-биологиялық агенттігі №1 Орталық медико-санитарлық бөлімінің бастығы міндетін атқарушы Сергей Романов жасаған баяндама жасағаны хабарланып отыр.