«ҚЫЗЫЛОРДА-БЕСАРЫҚ-ТҮРКІСТАН» БАҒЫТЫНА ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫ ҚАТЫНАЙДЫ
«Қала маңындағы тасымал» АҚ мәліметінше аптасына 5 күн (дүйсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері) жүретін жаңа жолаушылар пойызы екі вагоннан құралған.
Пойыз Қызылордадан Түркістан стансасына 6 сағат 40 минут жүреді, қайту бағытының ұзақтығы 7 сағат 27 минут.
Пойыздың жүру бағыты облысымыздың оңтүстігіндегі аудан орталықтары мен мен стансаларды және разъездерді (Белкөл, Бірқазан, Сұлутөбе, Тартоғай, Бәйгеқұм, Шиелі, Төменарық, Жаңақорған, Аққұм, Талап, Бесарық, Түркістан және т.б. стансалар) қамтиды, жаңа бағыт бойында 26 аялдама жоспарланып отыр.
«Қызылорда-Бесарық-Түркістан» қатынасы бойынша бастапқы аялдамадан (Қызылорда стансасы) соңғы аялдамаға дейінгі (Түркістан стансасы) жол жүру бағасы – 1027 теңгені (автобус бағасы-1300теңге) құрайды.