«НҰР ОТАН»: ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Бүгін облыстық партия филиалының мәжіліс залында облыстық партия филиалының жартыжылдық жұмыстарының қорытындысына арналған брифинг өтті. Жетекші партияның аймақтық филиалы өз жұмысының формасы мен мазмұнын кеңейте отырып, пәрменді ісін күн санап арттырып келеді.
- Еліміздегі билік тармақтарының арасындағы өкілеттіліктерді бөлуге қатысты Конституциялық реформа және Елбасы, Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының маңыздылығын халыққа жеткізу, түсіндіру жұмыстарында партияның барлық құрылымдық бөлімшелері үлкен белсенділік танытты. Құрамында спикерлер пулы және партия белсенділерінен жасақталып 12 ақпараттық-насихат топтармен 1700 ден аса іс-шара ұйымдастырылып, 160 000 азамат қамтылды, - деді журналистермен болған брифингте партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев.
Облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Әділбек Ерсұлтановтың айтуынша партияның қоғамдық қабылдауына жыл басынан тұрғындардан 1976 өтініш түсіп, оның 21,2 пайызы оң шешілген. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстарғанда 4 пайызға артық. Тұрғындар тарапынан тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселесі мен елді мекендердің инфрақұрылымы бойынша өтініштер саны 5 % кеміп отыр.