ЖАСТАР«ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІНЕ БАРАДЫ
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ақпараттық-насихаттық жұмыстарын ұйымдастыру әлеуметтік маңызы бар тапсырысы аясында Қызылорда облысы бойынша «Жас Отан» Қоры» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен белсенді жастарға көрмеге жолдама берілді.
Осыған сәйкес оқу орындары мен кәсіпорындардағы жастар комитеттерінің мүшелері, жастар ұйымдары өкілдері маусым, шілде, тамыз айларында көрмеге қатысып қайтады.
Салтанатты шығарып салу шарасында "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің директоры Жасұлан Алдабергенов жастарға ақ жол тіледі. Облыстан көрмеге аттанушы белсенді жастардың атынан, "Шалқия Цинк" ЛТД АҚ шахтері және жастар комитетінің жетекшісі Қанат Құлбайұлы, белсенді жастарға қолдау көрсетіп, үлкен мүмкіндік жасап отырған облыс басшылығына алғыс білдірді.