ЖҮРГІЗУШІ АЙЫППҰЛДЫ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН ТӨЛЕУГЕ МҮМКІНДІГІ БАР
Жаңадан реформаланған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексті талқылап, насихаттау, заңнамалардың сапалы енгізілуіне бақылау жасау мақсатында бүгінгі интернет конференцияда Қызылорда ОІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ахметов Алтынбек Меңлібайұлы жауап берді. Келіп түскен барлық сұрақтардың саны – 4.
1-сұрақ. Қабылданған жаңа әкімшілік Кодексте салынған айыппұлдарға 50% жеңілдік қарастырған, ол туралы не айтасыз?
Жауап: 05 шілде 2014 жылғы №235-V санымен Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің қабылданып 01 қантар 2015 жылы күшіне енеді.
Осы жаңа Кодекстің 811-бабында, егер жүргізуші жасаған құқық бұзушылығын мойындаса және айыппұлын 7 күн ішінде төлеуге келісіп тұрса, онда құқық бұзушыға толтырылған хаттаманың көшірмесімен бірге салынған айыппұлдың сомасының 50% женілдікпен төлеуге түбіртек (квитанция) беріледі. Сол түбіртекте көрсетілген күн ішінде айыппұлын төлеп, түбіртегін әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік практика бөліміне әкеліп тапсыруы керек.
2-сұрақ. Елу пайыздық женілдік барлық жағдайларда қолданылады ма?
Жауап: Осы жаңа Кодекстің 810-бабы бар. Онда кімдерге 50% жеңілдік қолданылмайтындығы нақты көрсетілген.
Яғни, құқық бұзушылық:
1) баптың санкциясында өзге де жаза түрлері көзделген;
2) құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адам жасаған;
3) құқық бұзушылықты артықшылық берілген немесе иммунитеті бар адамдар жасаған;
4) олар бойынша істерді салық қызметінің органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған;
5) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс iстейтiн сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген жағдайларда қолданылмайды.
3-сұрақ. ҚР Әкімшілік кодекстен Қылмыстық кодекске ауысқан баптар бар ма?
Жауап: Қолданыстағы әкімшілік кодекстің толық 44 бабы және басқа баптардың 13 бөлігі Қылмыстық Кодекске ауыстырылған. Олар Қылмыстық Кодексте «қылмыстық проступок» ретінде қарастырылады.
Мысалы:
Қылмыстық кодекске қолданыстағы әкімшілік Кодекстің 467-бабының 6,7- бөліктері және жол көлік оқиғасы салдарынан орта дәрежеде дене жарақатын алған жағдайлар яғни Әкімшілік кодекстің 468-1-бабы Қылмыстық кодекске енгізілген.
Қолданыстағы Кодекстің 79-1-бабы (ұрып-соғу) ҚК-ке (ст.109) бабы болып ауыстырылды. Оған қолданатын жаза түрі ҚК-те қылмыстық проступок ретінде карап, жаза ретінде 100 АЕК айыппұл немесе осы өлшем ретінде түзету жұмыстары немесе 120 сағатқа қоғамдық жұмыс немесе 45 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.
4-сұрақ. Салынған айыппұлды көрсетілген мерзімде төленбеген жағдайда қандай шара қолданылады?
Жауап: ҚР ӘҚБтК-тің 894-бабында көрсетілгендей,
1.Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) жауаптылыққа тартылған тұлғаның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртiбiмен ұстап қалу үшiн ол жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкiмшiлiгiне жiбередi. Айыппұл ұстап қалу алты айдан аспайтын мерзiмде жүргізіледі. Айыппұлды өндiрiп алу кезектілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
2.Жауаптылыққа тартылған адам жұмыстан босатылған не оның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен айыппұл өндіріп алу мүмкiн болмаған жағдайларда, ұйымның әкiмшiлiгi жұмыстан босатылған немесе өндіріп алуға мүмкiндік бермеуге әкеп соғатын оқиға басталған күннен бастап он күндік мерзiмде, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жауаптылыққа тартылған адамның жаңа жұмыс орнын (егер ол белгiлi болса), өндiрiп алуға мүмкіндік бермеген себептердi көрсетiп, сондай-ақ жүргiзiлген ұстап қалулар (егер мұндай жүргiзiлсе) туралы белгi соғып, қаулы шығарған сотқа, органға (лауазымды адамға) қайтарады.
3. Егер айыппұл салынған жеке тұлға жұмыс iстемесе немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де кірістерінен өндiрiп алу мүмкiн болмаса, қаулы шығарған сот, уәкілетті орган айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы заңнамада көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату үшiн мемлекеттік сот орындаушысына жiбередi.
4.Салық қызметiнiң органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ дара кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға қатысты салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық қызметiнiң органдары орындайды.