ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Облысқа Үкіметтік делегация құрамында келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов перинаталды орталықта болды.
Орталық 440 жатын орнымен қамтамасыз етілген, облыс және қала тұрғындарына стационарлық медициналық көмек көрсетеді. Стационарда 238 медицина қызметкерлері жұмыс жасайды, оның ішінде 32,1% дәрігер, 67,8 пайызы орта медицина мамандары. 2016 жылдан бастап орталықта балалар мен жасөспірім гинекологиясының кабинеттері, жаңа туылған нәрестелерге арналған офтольмология кабинеті қызмет көрсетіп келеді.
Сондай-ақ, Елжан Біртанов Қызылорда облыстық жедел медициналық көмек көрсету бекетінде болды. Министрге жалпы алаңы 4,5 мың шаршы метрді құрайтын ғимаратта жаңа құрылымдық бөлімшелердің орналастырылуы, ЖМККБ материалдық-теxникалық базасы жайлы баяндалды. Мұнда санитарлық авиация мен бірыңғай медициналық жедел орталығы бөлімдерін біріктіру жұмыстары жүргізілген.
Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы мен оның 7 аудан орталығында бірыңғай диспетчерлік қызмет іске қосылған.