БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУГЕ 8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «АТФ Банк» АҚ арасында қол қойылған несиелік келісімге сәйкес биыл шағын және орта бизнесті несиелендіруге 8 млрд.теңге бөлініп отыр.
«Даму» Қорының» жергілікті өкілдері мен «АТФБанк» АҚ Қызылорда филиалы мамандары бірлесе отырып кәсіпкерлерге «Даму-аймақтар» аясында жергілікті басым жобаларды қолдайтын қаржыландыру бағдарламасына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Басқосуда қаржыландыру шарттары айтылды. Мысалы, несие бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылына - 14,0% (он төрт пайыз) аспайды. Заем мөлшері 500 млн.теңгеге дейін және несие мерзімі ЕДБ қарастыруымен 84 айға дейін ұзартылады.
Қатысушылар айналым капиталын толықтырып, жаңа және негізгі құралдарды жаңғырту, сатып алуға арналған бағдарлама шарттарымен танысып, көпшілігі осы жеңілдіктерді пайдаланып несие алуға ниет білдірді.