КӨП БОЛЫП КҮРЕСУ – ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫН КЕСЕДІ
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, адамдардың заң мен әділдікке және қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне селкеу түсіретіні белгілі. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы –2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында «Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру» делінген. Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналып отыр.
Болашақ ұрпақ алдында жүзіміз жарқын болуы үшін жемқорлықпен белсене күресіп, түп-тамырымен жоюымыз қажет. Жемқорлық дерті адамзат баласына жат қылық. Бұл індет егеменді еліміздің дамуына, экономиканың өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.
Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың немесе жекелеген топтың ғана емес мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осы мақсатта әрбір лауазым иесі өзінің жан-дүниесін ұдайы таза, адал ұстауы тиіс. Сонда ғана олар қарапайым халықтың сенімін ақтап, қоғамның тежеусіз дамуына үлес қосқан болар еді.
М. КЕРЕЙБАЕВА,
Қызылорда облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
№ 1 мемлекеттік сектордың аудиті
бөлімінің басшысы