БАСЫЛЫМ АВТОРЛАРЫ ДА АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ
Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің мерекесіне орай Жалағаш ауданының әкімі Т.Дүйсебаев осы сала өкілдері мен ардагерлерді қабылдады. Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, аудандық «Жалағаш жаршысы» газеті редакциясының ұжымы, басылымның тұрақты авторлары қатысты.
Аудан әкімі Т.Тұрсынұлы толассыз ақпарат заманында қоғам мен билік арасындағы пікір алмасуды және өзара тиімді байланыс орнату жолында халыққа қалтқысыз еңбек етіп жүрген сала мамандарына алғыс білдіріп, журналистерге «Құрмет грамотасы», мен Алғыс хат табыстады. Жиында аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің тұрақты авторлары да назардан тыс қалмай, аудан әкімінің марапатына ие болды.
Мерекелік жиын барысында газет редакциясының іргелі әдеби орта болып қалыптасуына зор үлес қосқан, алдыңғы буын аға ұрпақ өкілдері Ш.Айбосынов, С.Әлиев, С.Бертаев, К.Сүлейменов, Д.Мирмандар сөз алып, аудан айнасына айналған басылымның өткенінен естелік айтып, БАҚ өкілдеріне лебіздерін білдірді.