ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ АЯСЫНДА 82 НЫСАН САТЫЛДЫ
Қазақстанда жекешелендіру науқаны басталғалы бері 82 нысан сатылды. Бұл туралы бүгін «Мүлікті жекешелдіру және жария ету барысы» туралы өтіп жатқан Орталық коммуникациялар қызметінің кезекті брифингісінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Ибраимов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
«2014 жылдың кешенді жоспарына сәйкес, сатуға 295 нысан шығарылды. Әкімдіктер, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар және Холдингтер сатуға тағы да 16 нысанды қосымша ұсынды. 311 нысан ішінен республикалық меншіктегі 20 нысан, коммуналдық меншіктегі 132 нысан, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бойынша 80, холдингтер бойынша 79 нысан сатуға шығарылуы тиіс. Бүгінгі күні 82 нысан сатылды. Оның ішінде, республикалық меншіктегі 4, коммуналдық мешіктегі 35, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бойынша 30 нысан, холдингтер бойынша 13 нысан сатылды. Жалпы, сату бағасы 4,6 млрд теңгені құрады. Бұл бастапқы бағадан 1,5 есе артық»,-деп хабарлады комитет төрағасының орынбасары.
Ғ.Ибраимовтың айтуынша, сатудан республикалық бюджетке 326 млн теңге, облыстық бюджеттерге 380 млн теңге түскен.
«Қаражат келесі түрде бөлінді: республикалық бюджетке 326 млн теңге, облыстық бюджеттерге 380 млн теңге түсті. Холдингтер бойынша 3 млрд 600 млн теңге, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бойынша 277 млн теңге қаржы түсті»,-деп толықтырды ол.