КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АКЦИЯ ӨТТІ
Облыстық прокуратура өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Ашық есік күні» акциясын өткізді.
«Даму» кәсіпкерлерді қолдау орталығында өткен акцияға кәсіпкерлер жиі шағымданатын мемлекеттік кіріс департаменті, ішкі мемлекеттік аудит, табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестік және тұтынушылардың құқығын қорғау, қоғамдық денсаулықты сақтау, төтенше жағдай жөніндегі, әділет органдары мен әкімдік өкілдері шақырылды.
Акция аясында 20 кәсіпкерге қызмет көрсетілді. Олар тиісті орын өкілдеріне сауалдарын қойды. Негізінен мемлекеттік сатып алу туралы, салық салу жүйесіне қатысты, жер учаскелерін алу және мектепке дейінгі жеке мекемелерде жұмысты ұйымдастыру мәселесіне қатысты айтылды. Мұндай акциялар мәселені арызсыз немесе бюрократиялық кедергісіз жедел шешудің мүмкіндігі екендігі аталып өтті.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі