ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНАН 6 МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ПОЙЫЗ ҚАТЫНАЙДЫ
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше бүгінгі таңда, облыс аумағынан 18 жұп жолаушы пойызы, оның ішінде мемлекетаралық ( Өзбекстан, және Ресей Федерациясы) бағыттағы 6 жұп пойызы өтеді. 4 жұп №21/22 «Қызылорда-Алматы-Семей» № 55/56 «Қызылорда-Көкшетау», №75/76 «Қызылорда-Петропавловск» және №89/90 «Қызылорда-Астана» (Тальго) пойыздары ұйымдастырылған.
Сондай-ақ, 2014 жылдан бастап «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолы уақытша пайдалануға қосылғаннан кейін, 2016 жылдың наурыз айынан №617/618 «Қызылорда-Жезқазған» темір жол қатынастары ұйымдастырылып, Арал өңірінің темір жол бойында орналасқан елді мекендері аудан және облыс орталықтарымен байланыстырылып отыр.
«Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолының Қызылорда жол бөлімшесіне қарасты Сексеуіл стансасынан Қоскөл стансасына дейін жолдың қашықтығы 271,3 шақырымды құрайды. Осы темір жол бойында 3 станса (Қарашеген, Абай, Аралық) және 10 бекет салынуда.