МЕРЕКЕ ИЕЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті мерекелік шара ұйымдастырды.
Департамент бастығы Ғанибек Отарбаев шараға қатысқан БАҚ өкілдерін мерекемен құттықтап, оқырмандардың ыстық ықыласына бөлене берулеріне тілектестік білдірді. Пенитенциарлық жүйенің қызметін жария етуде қылмыстық-атқару жүйесінің оң беделін нығайтып, шынайы көзқарасын қалыптастыруда қосқан үлестері үшін бірқатар басылымдар мен электронды БАҚ өкілдері грамотамен марапатталып, оларға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы