СЕНАТ САЙЛАУЫ СӘТТІ ӨТТІ
Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Астана уақытымен 13-00-де жағдай бойынша 16 өңірде ҚР Парламенті Сенатының депутаттарына кандидаттарды сайлауда дауыс берудің алдын ала қорытындылары шығарылды. Алдын ала қорытынды бойынша Ақмола облысынан Дәурен Әділбеков, Ақтөбе облысынан Мұхтар Жұмағазиев, Алматы облысынан Нұрлан Қылышбаев, Атырау облысынан Ғұмар Дүйсембаев, Шығыс Қазақстан облысынан Дүйсенғазы Мусин, Жамбыл облысынан Абдалы Нұралиев, Батыс Қазақстан облысынан Нариман Төреғалиев, Қарағанды облысынан Рысқали Әбдікеров, Қызылорда облысынан Мұрат Бақтиярұлы, Қостанай облысынан Жеңіс Нұрғалиев, Маңғыстау облысынан Бақтыбай Шелпеков, Павлодар облысынан Нұржан Нұрсипатов, Солтүстік Қазақстан облысынан Ерік Сұлтанов, Оңтүстік Қазақстан облысынан Әлімжан Құртаев, Астана қаласынан Еділ Мамытбеков және Алматы қаласынан Динар Нүкетаева сенатор болып сайланды», - деді ол.
Оның айтуынша, сайлауға 3291 таңдаушының 3165-і қатысқан. Бұл 96,2 пайызды құрайды. «Сайлау науқанына қатысқан халықаралық байқаушылардың саны - 172. Шетелдік БАҚ өкілдерінің саны - 116. Барлығы - 288 байқаушы. Сайлау науқаны ҚР Сайлау туралы заңнама талаптарына сәйкес өтті. Ары-шағымдар осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен жоқ», - деді Мелдешов.