ЕРЕЖЕНІ ЕСКЕРУ ӨМІРІҢДІ САҚТАЙДЫ
Жанға жайлы демалыс маусымы басталатын жазда жазатайым оқиғалар да көбейіп жататыны бар. Бұл туралы «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының» басшысы Бақыт Ембергенов «Қоғам ТВ» телеарнасының «Тема Дня» бағдарламасында кеңінен тоқталып өтті.
Аймақтағы су айдындарында жыл басынан бері 10 адам қаза тапты. Оның үшеуі бала. Балаларға қатысты қайғылы жағдайлардың көпшілігі олардың қараусыз қалуынан болып отыр. Оларға жөн көрсететін үлкендердің өзі де абайламаудан ажал құшып жатыр. Көпшілігі суда қарапайым ережелерді сақтамайды, суға шомылуға бейімделмеген орындарда оқыс жағдайлар көп кездеседі.
Жасақ басшысы өз сөзінде ережені ескеріп жүру адам өмірін сақтайтындығын айтып, тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы