ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ
Биыл Қазалы ауданы бойынша 713 түлек бітіріп, олардың 458-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан болатын. Өз білімдерін дәлелдеп, ең жоғары көрсеткішке ие болған үздік түлектерді аудан әкімі Нажмадин Шамұратов қабылдады.
Аудан басшысы елімізде мемлекет тарапынан сапалы білім алуға барлық жағдай жасалып жатқанын айтып, үздіктерді жетістіктерімен құттықтады. Сондай-ақ, биылғы оқу жылы мен ҰБТ қорытындылары бойынша үлгірім көшін бастап, әріптестеріне үлгі көрсеткен №249 мектеп-лицей, №88 орта мектеп пен №226 гимназия, №266 мектеп-лицей, №17, №70, №102, №104, №204 орта мектептердің педагогикалық ұжымдарына ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, биыл Қазалы ауданы орташа 88,11 балмен облыс бойынша көш бастады.