ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ҚАРАСТЫ ЖЕТІ АУДАНДА МАУСЫМ АЙЫНЫҢ 5-13 КҮНІ АРАЛЫҒЫНДА САРБАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСУ
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқарамасының қолдауымен үстіміздегі жылдың 12-20 маусым аралығында, аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі және "Қызылорда облысының жастар Одақтары" ҚБ-нің ұйымдастыруымен "Жасыл ел" сарбаздарымен Қызылорда облысына қарасты жеті ауданда кездесу өткізілді.
Кездесу барысында облыстық "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтары жетекшісі С.Ертарғынұлы жұмыс жасаушы жастарға "жасыл ел" жастар еңбек жасағы туралы мағлұматтар беріліп, жұмыс барысы және биылғы жылғы оңтайлы өзгерістер мен жағымды жаңалықтармен бөлісті. Сарбаздар жұмысына сәттілік тілеп, туған өлкеміздің гүлденуіне аянбай еңбек етуге шақырды.