ӘУЕЖАЙҒА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘРТЕБЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
«Қорқыт ата» әуежайына халықаралық мәртебесі тағайындалды. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов мәлімдеді.
Қазіргі таңда «Қорқыт ата» әуежайы арқылы аптасына 27 әуерейстері жөнелтіледі. Бұған дейін әуежайдың «Халықаралық» статусының болмауына байланысты жолаушылар, мұнай және газ саласындағы қызметтік байланыс өкілдері әлі күнге дейін шет мемлекеттерге Астана, Алматы қалалары арқылы ұшатын.
Осы орайда «Халықаралық» статусын алу мәселесі көтеріліп, ҚР-ның Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен «Қорқыт ата» әуежайына «Халықаралық» мәртебесі берілді. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Қызылорда облысы да өз үлесін қосып, «Байқоңыр», «Қорқыт», «Арал» туристік аймақтыры арқылы өз мүмкіндікдерін жүзеге асыруда «Халықаралық» статусының тағайындалуы облыс мәртебесінің беделіне орасан зор үлесін қосады.
Фариза ОМАРОВА