ЖАЙЫЛМАНЫҢ ҚАРБЫЗЫ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

«Жайылма» базарының ашылу рәсімінде аудан әкімі Ғалым Әміреев және ел ағасы Мұзарап Махмутов елге тілегін білдіріп, диқаншы қауымға ризашылығын жеткізді. Өз кезегінде Жайылманың брендті қарбызының қалыптасуының негізін қалағандардың бірі, ауыл ақсақалы Досан Мырзабеков диқаншы қауымға қолдау көсетіп жатқан аудан басшысына елдің атынан алғысын білдірді.
Соңыра сүйінші жаңалығымен бөліскен аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы сәтін салса жақын арада Қызылорда қаласына кіре-беріс қақпа тұсынан Жаңақорғанның бақша өнімдерін сататын арнайы орын ашуға жұмыс жасап жатқанын тілге тиек етті. Әсіресе, онда Жайылма ауылының брендті қарбызы басты назарда болатынын мәлімдеді. Иә, не десекте, дала еңбеккерлерінің ала жаздайғы еңбегі ақталып, піскен өнімін көңілге қонымды бағада сатса игі.




Әбдісамат ӘБДІШ.