КОММУНАЛДЫҚ АВТОБУС ПАРКІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалы қызметі сапасын арттыру мақсатында 2013 жылы қалалық автобус паркін жаңартудың 2014-2016 жылдарға арналған ІІ кезеңдік жобасы әзірленді.
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы берген мәлімет бойынша жобаның І-кезеңінде 2014 жылы бюджет қаражаты есебіненқалалық кластағы газомоторлызамануи 20 автобус сатып алынды. ІІ-кезеңде «Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, Қызылорда қаласы әкімдігі және Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында жасалған үш жақты меморандумның негізінде қосымша 92 дана газомоторлы автобус алынды және көгілдір отын өңдейтін шағын станциясы бар жаңа автобус паркі салынуда.
Осыған сәйкес, бүгінгі күнге барлығы 112 жаңа автобус алынып, қаланың орталық (1,14,11,17,18,30) маршруттарында жолаушыларға қызмет көрсетуде.
Қазіргі таңда жаңадан салынып жатқан коммуналдық автобус паркінің құрылысы аяқталуға жақын.