МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАР ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Қызылорда облысында алғашқы тоқсанда жұмыспен қамту орталықтары арқылы 120 мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа орналасты, оның ішінде 43 мүгедек тұрақты жұмыспен қамтылды. Осы санаттағы 12 азамат жастар тәжірибесіне жіберілді. Сондай-ақ, 63 адам қоғамдық жұмыстарға тартылып отыр.
Орталықтандырылған деректер қорына сәйкес аймақта мүмкіндігі шектеулі 28566 адам бар, оның 4687-сі бала.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандарының айтуынша үйде қызмет көрсетілетін 828 жалғыз басты қарт мен мүгедекке және үйде қызмет көрсетілетін 1327 балаға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіліп жатыр.
Жыл басынан бері 2365 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 6285 жеке оңалту бағдарламалары орындалды.