СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНІҢ СОЛ ЖАҒАЛАУЫНА КӨПІР САЛЫНАДЫ
Қызылорда қаласының даму жоспарына сәйкес Сырдария өзенінің сол жағалауын игеру мақсатында 2 магистралды көше мен Шіркейлі каналы арқылы көпір салуға ЖСҚ құжаттамасы әзірленуде.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша 2017 жылға облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткіші 63% болып бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Қазіргі уақытта аталған жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.