ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚЫЗЫЛОРДАДА 75,8 МЛН. ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛДАНДЫ
Жыл басынан бері Қызылорда облысында 75,8 млн. жолаушы тасымалданып, 2016 жылмен салыстырғанда 107,5% пайызға артып отыр. Ал жолаушылар айналымы болжаммен 1412,5 млн. жолауш./км. құрап, 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,5% құрады. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Әбдіқалықов мәлімдеді.
Бүгінгі таңда, облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 211автобус маршруты ұйымдастырылған. Сонымен қатар,облыс орталығынан Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Жібек жолы (Черняевка) және Сарыағаш қалаларына 7 облысаралық автобус маршруты бар.
Басқарма басшысының айтуынша облыс және аудан орталықтарынан шалғай орналасқан, жолаушылар ағымы аз және жол сапасы төмен 11 маршрут әлеуметтік мәні бар маршруттар қатарына жатқызылған. Онда жолақы тарифтері ең төменгі деңгейде қалдырылып, облыстық бюджет есебінен қаржыландырылып келеді. 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларына 2,9 млн. теңге демеуқаржы игеріліп, бұл жоспарланған қаржының 16,3 пайызын құрап отыр.