БАСҚАРМА БАСТАМАСЫМЕН РЕЙД ӨТТІ
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ және "Қызылорда облысының жастар Одақтары" ҚБ ұйымдастыруымен аудандарда «Stop Қылмыс» рейді ұйымдастырылды. Аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен біріге отырып кәмелеттік жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз көшеде жүруіне тосқауыл қою, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілген бұл шарада үнпарақтар таратылып, түсіндірме жұмыстары жасалды.
Облыс аудандары мен Байқоңыр қаласында жүргізілген рейдтер жастар көп жүретін. сауда орындарын, демалыс паркі аумақтарын қамтыды. Шарада кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге спирттік ішімдік сатудың жауапекршілігі де түсіндірілді.