СЕЙСЕНБІДЕ ҚАЗАҚСТАНДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
27 маусымда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның барлық аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең республиканың солтүстігінің кей жерлерінде тұман түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша, Павлодар облысында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ға дейін күшейеді.
Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, түнде тұман түсуі мүмкін. Қызылорда, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында да желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді деп болжануда.
Күндіз Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады. Ал Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.