ҚОҒАМДЫҚ ҚОР БАСШЫСЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Ғани Төлебаев жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау шараларына белсене қатысып келе жатқан «Арылу» қоғамдық қорының облыстық филиалы директоры Тимур Камаловқа алғыс білдіріп, ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың Грамотасын табыс етті.
Полиция полковнигі Ғани Өтепұлы жасалып жатқан жұмыстардың есірткіге бизнесіне қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесуде маңызы зор екендігін атап өтіп, бірлескен бастамалардың әрі қарай да жалғасын табатынына сенім білдірді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі