МЕРЕКЕДЕ МАРАПАТ ИЕЛЕНДІ
Қызылорда облыстық филармониясында Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты жиын өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің және департаментке қарасты мекеме қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.
Р.Рүстемов құқық қорғаушыларды мерекемен құттықтап, абыройлы қызмет пен жемісті еңбек, отбасыларына береке-бірлік, амандық тіледі, бірқатар қызметкерлерді облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Салтанатта салалық министрлік бұйрығымен әділет майоры Алмат Тасқараевқа әділет подполковнигі арнайы атағы берілді. Ішкі істер органдарының ардагері Юрий Қойлыбаев Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері төсбелгісімен наградталды. ҚР ІІМ Қылмыстық – атқару жүйесі Комитетінің құзырымен 4 қызметкерге «Қазақстан полициясына – 25 жыл» мерекелік төсбелгісі табысталды. Ішкі істер органдарының 2-дәрежелі үздігі төсбелгісімен 2 қызметкер наградталды. Сондай-ақ, салтанатты шара барысында өз ісін жауапкершілікпен атқарған департамент қызметкерлері түрлі марапат иеленді.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Ғ. Отарбаев қызметкерлер мен ардагерлерге мерекелік тілегін жеткізді. Мерекелік кеш одан әрі жергілікті өнерпаздардың әншашуына ұласты.
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы