ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ АЛҒЫСЫН АЛДЫ
«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ғани Төлебаев бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек алуының алдын алу бағытындағы шараларға белсенді қатысып, бірлесіп нәтижелі жұмыстар жасағаны үшін «Арылу» қоғамдық қорының Қызылорда облысындағы филиалының директоры Камалов Тимур Раушанбекұлына алғыс білдіріп, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың Грамотасын табыс етті.
Сондай-ақ, полиция полковнигі Ғани Өтепұлы осы жасалып жатырған жұмыстардың есірткіге бизнесіне қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесуде маңызы зор екендігін атап өтіп, осы бірлескен жұмыстар әрі қарай да жалғасын табатынына сенім білдірді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі