ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ЖОЙЫЛДЫ
Биылғы I тоқсанда мемлекеттік еңбек инспекциясы әр түрлі меншіктегі 76 мекеме мен кәсіпорынға жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Бұл тексерістер 70 ҚР Бас прокуратурасының ҚЕж/еАЕ алу комитетінде тіркелген.
Жалпы тексеру барысында 80 заң бұзушылық тіркелді, оның 78-і еңбек заңнамасы бойынша болса, қалған екеуі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасына қатысты болып отыр.
Бүгінде осы заң бұзушылықтың 61,2 пайызы жойылды. Тексеру қорытындысымен 50 нұсқама берілді.