КЕШЕНДІ ЖОСПАР БОЙЫНША ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУДА
Қызылорда облысының халқын жұмыспен қамтуға ықпал жасау жөніндегі кешенді жоспар қабылданған болатын.
Жоспар аясында 32884 жұмыссыз бен өз бетінше жұмыспен қамтылғандар еңбекке тартылатын болады. Есепті кезеңге мемлекеттік, салалық және өңірлерді дамыту бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларымен 9920 адам қамтылды.
Бірінші қаңтар мен 1 мамыр аралығында 9 мекемеден 232 адам жұмыстан қысқартылды. 616 адам ақысыз еңбек демалыста, 286 толық емес жұмыс уақытымен қамтылған. Сонымен қатар өз еркімен жұмыстан босаған азаматтардың саны – 64.
Сонымен қатар 314 адам өз бетінше жұмыс тапты. 161 мекеме мен ұйымдағы әлеуметтік жұмыс орнына 490 адам жіберілді.
- Есепті кезеңде жастар арасынан 712 жұмыссыз жастар практикасы бойынша мекемелер мен ұйымдарға жіберіліп, қоғамдық жұмыспен 2737 адам қамтылды- дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы А. Есқараева.