ЖАҢАҚОРҒАНДА КОММУНАЛДЫҚ БАЗАР АШЫЛДЫ
Кеше Жаңақорған кентінде "Мейірім" атты əлеуметтік-коммуналдық базары ашылды. Аудандағы елді мекендерден келгендер үшін көкөніс, бақша өнімдерін саудалауға тегін сауда нүктесі ұсынылатын мұнда баға базардағыдан төмен болады.
Осы күні Жайылма ауылдық округінің кіре берісіндегі "Аружан" асханасының жанынан көшпелі сауда орны жұртқа қызмет көрсете бастады. Халықты арзан өніммен қамтамасыз етуді көздеген аудан әкімдігінің бастамасымен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық күре жолы бойындағы Сунақ ата, Бірлік ауылдарының тұсынан да осындай сауда орындары ашылады.