МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ӨЗ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ
Биыл жыл басынан бері «2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламаның жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысына 2017 жылға 3,7 млрд. теңге бөлінді.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше аймақта бағдарламаға қатысушы ретінде 3 308 адам енгізіліп отыр.
Онда бағдарламаның бірінші бағыты бойынша техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен 2830 адамды қамтамасыз етпек. Қазіргі таңда қысқа мерзімдік курстарды ұйымдастыратын оқу орындары мен мамандықтар тізбесі бекітілген. Оқу курстары 10 мамырдан басталып кетті.
- Жаппай кәсіпкерлікті дамыту негізінде «Бастау Бизнес» жобасы арқылы 937 адамды оқыту белгіленген. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы Бастау-Бизнес жобасымен 5 пилоттық аймақта Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған, Шиелі аудандарында 1 топ бойынша 5 сәуір – 5 мамыр аралығында оқу курстары жүргізілді. Сонымен қатар, биыл әлеуметтік жұмыс орындарына 505 адамды жолдау жоспарланғанды. Бүгінгі таңда нақты 161 мекеме, кәсіпорындарға 490 адам жолданып отыр. Жастар тәжірибесіне нақты 403 мекеме, кәсіпорындарға 712 адам жолданды, соның ішінде 25 азамат тұрақты жұмысқа орналасты, - дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы А.Есқараева.