ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ МӘДЕНИ ПАРКТІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ЖАСАУ БОЙЫНША КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ
Қызылорда қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық мәдени және демалыс паркін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу бойынша конкурс жарияланады.
Конкурстың мақсаты – қалалық мәдени және демалыс паркін дамытудың негізгі бағыттарын анықтау, халық демалу үшін қолайлы шарттарды қамтамасыз етуді қалалық саясатты іске асыру, оны көріктендіру. Мәдени және демалыс парктің аумағын орналасуы бойынша эскиздік жобаларды және тұжырымдылық жақсы идеяларды айқындау. Жақын уақытта парктің даму тұжырымдамасын қалыптастыру. Біріншіден үміткерлер парктің болашағын қандай көретіндігі жөнінде егжей-тегжейлі эссе ұсыну керек. Болашақ конкурсқа қатысушылар тек ландшафтык және сәулет құрастыру әзірлеу ғана емес, сонымен қатар,жоба парктің қаржыландыру ерекшелігін ескере отырып, экономикалық болмысына сәйкес келуі қажет.
Конкурстың шарттары бойынша қатысушылар қоғамдық кеңістік эскиздік жобасын, жобаның сипаттамасымен тұжырымдамасын, оған қоса одан әрі жобаның тұрақтылығының негіздемесін ұсыну қажет.
Конкурстың форматы: республикалық, халықаралық.
Өткізу мерзімі: 2017 жылдың 15 мамырдан бастап 22 шілдеге дейін.
2017 жылдың 15 мамырдан бастап 15 шілдеге дейін Қызылорда қаласы, Казыбек би көшесі 26 мекен - жайында өтінімдерді қабылдау басталады.
Конкурстың нәтижелер шығарылады: 2017 жылдың 30 шілде.
Конкурсқа қатысуға шақырылады: қоғамдық кеңістік инженерия саласындағы басқаруды, жарнамалық агенттіктер, ойын-сауық индустрия, мәдени бағдарламалау, экономика, қаржы, әлеуметтану, экология, табиғатты пайдалану мамандарды өз командаға тарта алатын казақстандық және шетелдік сәулетшілер, дизайнерлер, жоспарлаушылар.
Қосымша ақпараттарды 8(7242) 26-19-41, 8-705-338-77-11 телефондарынан білуіңізге болады.
Қызылорда қаласының әкімдігі.