КӨРМЕ АЯСЫНДА ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қоры 2017 жылдың 24 маусым күні Байқоңыр қалалық саябағында «Астана. ЭКСПО –2017» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Шара барысында, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды насихатталып, көшпелі қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды және «Жас суретші - 2017» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Шараның ашылуында «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қорының еріктілері «Байқоңыр жастары ЭСКПО – 2017»-ні қолдайды» тақырыбында флешмоб өткізді. Осыдан кейін жастарға мемлекеттік бағдарламалар түсіндіріліп, қолөнер бұйымдарынан көрме көрсетілді.
Қадлада маусым айының 1-нен бастап 20-на дейін «Жас суретші - 2017» байқауы өткен болатын. Шарада осы байқау қорытындысы жарияланып, бірінші орын Агнзура Қожамжароваға берілді. Екінші орын жүлдесін Дария Қонақбаева алса, үшінші жүлде Аяжан Мұратбековаға бұйырды.