МАМАНДАР «ПАРАМЕДИК» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚЫДЫ
Соңғы бір ай көлемінде Қызылорда қаласы №1 қалалық емханада «Парамедик» бағдарламасы бойынша Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мен қала, аудан өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлеріне оқыту өткізілді.
Бағдарлама бойынша 120 қызметкер табиғи және техногенді сипттағы өрт кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсету алгоритмдері мен дағдыларын үйренді. Практикалық бөлімде шұғыл көмекке дағдыландыру және клиникалық жағдайларды талдау жүргізілді. Мамандар тыныс жолдарының өткізу қабілетін қайта қалпына келтіру, дәке таңғыштарды және оралымды таңғыштарды салу техникасын, сонымен қатар қатты қызып кету, салқын тию, ыстық өту, күн тию, күйік және үсік кезінде көмек көрсетуді үйренді.
Оқуды аяқтаған бойынша қызметкерлерге сертификаттар берілді.