ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов қазалылық полицейлермен кездесіп, оларды Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай құттықтады.
–Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерді саралағанда елімізбен бірге Қазақстан полициясының да жетістігі қатар аталады. Себебі, осы 25 жылдың ішінде Қазақстан полициясы егемен еліміздің тыныштығын, өміріміздің қауіпсіздігін абыроймен күзетуде ерен ерліктің үлгісін көрсетуде, - деді аудан басшысы құттықтауында.
Сонымен қатар, аудан әкімі қазалылық полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктері аудан тұрғындарының тыныштықтары мен сенімділігінің кепілі екендігін атады.
Кездесуде аудандық ішкі істер бөлімі бастығының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалған полиция майоры Жалғасхан Жақыповты таныстырды.