МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ауданның мемлекеттік қызметкерлерін аудан әкімі Нажмадин Шамұратов құттықтап, үздік қызметкерлерді марапаттады.
- Халқымызда «Билігі мықты елдің – тірлігі құтты болады» деген дана сөз бар. Сондықтан қашанда жүгі ауыр билік міндетінің ауқымды және мақсатының биік болары барлық мемлекеттік қызметшілердің әрқашан жадында болуы керек. Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті туған Отаны мен халқына адал қызмет етумен бағаланады, - деген аудан басшысы аталмыш қызметтің маңыздылығына тоқталды.
Атаулы мерекеде ел мүддесіне қызмет етіп жүрген мемлекеттік құрылым қызметкерлері марапат биігінен көрінді. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.