ҚОС МЕРЕКЕ ҚУАНЫШЫ
Жалағаш аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер және полиция күніне орай салтанатты шара өтті. Шараны аудан әкімі Т.Дүйсебаев ашып, ел үшін ерен еңбек үлгісін көрсетіп жүрген қос саланың қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар мемлекеттік қызметшілерге және ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметкерлеріне «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісін, облыс әкімінің Алғыс хатын, аудан әкімінің «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хаттарын» табыстады.
Салтанатты шарада сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әлиев, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Байхожаевтар сөз алып, елге елеулі еңбек сіңіріп жүрген сала ардагерлері мен мамандарына марапат табыс етті.
Салтанатты шарада ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Н.Ибраев бірқатар сала ардагерлеріне Қызылорда облысы ішкі істер органдары ардагерлері кеңесі төрағасының «Алғыс хатын» табыстап, полиция қызметкерлеріне «Қазақстан полициясына 25 жыл» естелік төсбелгісін тақты.
Салтанатты шара концерттік бағдарламаға жалғасты.