РЕКРУТИНГ ОРТАЛЫҒЫ NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА
Қызылорда облысында еш жерде жұмыс істемейтін және оқымайтын жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге баса назар аударуда. Осы мақсатта облыстық «Жастар ресурстық орталығы» жанынан ашылған рекрутинг орталығы қызметін атқарады.
Орталық ұйымдастырылмаған жастармен жұмыс жасау және жастар арасындағы жұмыссыздықты жою бойынша салааралық іс-шаралар жоспары аясында жасалған NEET санатына жататын жастар дерек қоры бойынша жұмыс жүргізуде. Базаға енген жастар маусымдық жұмыстарға, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына тартылады.
Жастар саясаты мәселелері басқармасының мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері орталықтың қызметкерлері жастар арасында діни экстремизм құбылыстарының алдын алу, «Дүниежүзілік қысқы Универсиада – 2017» ойындарына орай эстафеталық жарыс, «Жайдарман» ойыны, Жастар Парламентінің отырысы, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша барлығы 35 шара ұйымдастырылды.