НАЙЗАҒАЙ ОЙНАП, ЖЕЛ ТҰРАДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының хабарлауынша, 24 маусымда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады, солтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жел тұрады.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарға қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.
Қызылорда облысы
төтенше жағдайлар департаментінің
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы