1 МЛН. ТЕНГЕ СЫЙЛЫҚТЫ ЖЕҢІП АЛДЫ
Қызылордалық спортшылар Алматы қаласында таеквондодан ерлер мен әйелдер арасында өткен жарыста Федерация кубогын иеленіп, 1 млн. теңге жеңіп алды.
Команда құрамында №2 ОМБЖОРМ түлегі Дархан Садықов (54 кг), спорт интернат тәрбиеленушісі Ербол Бейсенбай (63 кг), Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің оқушылары Асылбек Абзалов (72 кг) пен Сергей Пак (+87 кг) және Бағдат Әбдірахмановтар (84 кг) №1 ОМБЖОРМ түлегі өнер көрсетті.
Екінші орынды Ақтөбе облысының командасы иеленсе, Атырау облысының спортшылары жүлделі үшінші орынды қанағат тұтты.
Ал жекелей есепте 49 келіде Жазира Сапарбек (№2 ОМБЖОРМ) алтыннан алқа тақса, 46 келіде Гүлмарал Ибрагимова қола жүлдені еншіледі.
Спортшылардың осындай жеңіске жеткендеріне бапкерлері Николай Курноскин, Нұрлыбек Сухан және Руслан Тілеулиевтің қосқан үлестері зор.