7 НЫСАН ЖЕКЕМЕНШІККЕ ӨТЕДІ
Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында басым бағыттардыің бірі ретінде көрсетілген қарқынды жүріп жатқан Жекешелендірудің екінші толқыны аясында Қызылорда облысының Кешенді жоспары қабылданып, жекешелендіруге жататын бірқатар кәсіпорындар айқындалды. Соған байланысты 2017 жылы 7 объектіні сауда-саттыққа ұсыну жоспарлануда, оның ішінде 3 коммуналдық меншіктің объектісі және «Байқоңыр (Байконур) ӘКК» ҰК» акционерлік қоғамының 4 ұйымы бар. Ал 2018 жылы 1 объектіні жекешелендірілмек.
Қызылорда облысының қаржы басқармасының мәліметіне сәйкес, бүгінгі күнге барлық объектілер бойынша сауда-саттық кестелері мен Жол карталары әзірленді. «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және Жекешелендіру объектілерін сату Ережесіне бірқатар өзгерістер енгізіліп, сату процедурасы жеңілдетілді.
Айта кетейік, жекешелендіруге жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға қатыса алады. Аукционға, тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар Жекешелендіру объектілерін сату Ережесінде көрсетілген.
Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган мемлекеттік мүлікті жекешелендiру туралы шешiм шығарған күннен бастап мемлекеттік мүлік жекешелендiру объектiсi болады.
Жекешелендіру рәсімдерінің айқындылығың қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімдігі жанында құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жергілікті өкілетті органдардың өкілдері енгізілген заңды тұлғаларды және коммуналдық меншіктегі жылжымайтын мүлік объектілерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия жұмыс атқарып келеді. Комиссияда кәсіпорындардың сатылу мерзімі, түрі және шарттары келісіледі.
Жекешелендіру процессі ашық және айқынды. Сауда-саттық (www.gosreеstr.kz) веб-порталында электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады. Веб-сайтқа тәулік бойы қол жетімді. Сонымен қатар, жекешелендіру нысанын сауда- саттыққа шығарған кезден бастап, нысанға интернет арқылы әр бір қалаушы қол жетқізе алады, сонымен ашықтық және айқындылық қамтамасыз етіледі.