«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АРАЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Арал ауданына арнайы іссапармен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.Мұхимов «Нұр Отан» партиясының Арал аудандық филиалы ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді.
Жергілікті тұрғындар түрлі мәселерге байланысты өз өтініштерін білдіріп, сауалдарын қойды. Қоғамдық қабылдауға келгендердің өтініштері тыңдалып, мәселені шешу жолдары түсіндірілді, оларға жан-жақты қолдау көрсету мүмкіндіктерін қарастыру туралы жауапты адамдарға тапсырамалар берілді.