«БАРЛЫҒЫН КӨРЕТІН КӨЗ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫН ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ БАҚЫЛАЙДЫ
Ахуалдық орталық және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын үздіксіз бақылап отырады.
Күн өткен сайын сапалы сервиске деген қажеттілік артып келеді, әрдайым табысты болу үшін кез келген ұйымның жұмысында клиентке бағдарланушылық бірінші кезекке шығады. Қызмет сапасын бақылау мақсатында, «Азаматтарға арналған үкімет» бірқатар механизмдерді әзірледі.
Заманауи және әрекетті құралдардың бірі ахуалдық талдау орталығы болып табылады. Заманауи орталық онлайн режимінде бейне-мониторинг жүргізу, мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлеріне кеңес беру көмегін көрсету және сыбайлас жемқорлық белгілерін жою үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған. «Азаматтарға арналған үкіметтің» ахуалдық орталығының жиырма жұмыскері еліміз бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылай отырып, әрдайым халыққа қызмет көрсету орталықтарына бейнебақылау жүргізіп отырады. Бүгінгі таңда ахуалдық орталыққа мемлекеттік корпорацияның барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары қосылған. Сонымен қатар ахуалдық орталық шалғайдағы ауылдық аймақтарға қызмет көрсететін мобильдік ХҚКО-лардың жұмысын бақылап, нақты уақыт режимінде олардың геолокациясы мен жүріс бағдарын анықтайды.
«Орталық мамандары нақты уақыт режимінде таңғы сағат 8-ден кешкі сағат 8-ге дейін фронт-офистің барлық іс-шараларына бақылау жүргізеді және, қажет болған жағдайда, филиалдың тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін жедел түрде қызметкерлермен хабарласаалады. Мысалы, егер азаматқа қызмет сапасыз көрсетілген болса, ХҚКО-да тұрып-ақ 1414 нөмірі бойынша қоңырау шалуына болады, ахуалдық орталықтың мамандары қоңырау шалушыны камера арқылы анықтайды және оны көзбен егжей-тегжейлі бақылай отырып, жедел түрде шағымның мән-жайын анықтап қана қоймай, қызметтің соңғы нәтижеге дейін жетуін қадағалап, себептерін жою үшін шаралар қабылдайды. Соңғы қайта құрылымдау барысында орталықтың маңыздылығын ескере отырып, біз ахуалдық орталық жұмыскерлерінің санын 20 адамға дейін арттырдық, ал қазір жер кадастры бөлімдерін және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру және әлеуметтік төлемдерді ведомство аралық есептеу орталықтарын бейнебақылауға қоса отырып, ахуалдық орталықты жаңғыртуды жоспарлап отырмыз», - деп түсіндірді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары Әсемгүл Балташева.
Егер адам мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған кезде оған дұрыс кеңес берілмеді немесе кезек күту уақыты қажетті уақыттан асып кетті, немесе мемлекеттік корпорацияның жұмыскері дөрекілік көрсетті деп санаса, ол 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады.
«Негізсіз бас тартулар, қызметкерлердің дөрекілік көрсетуі немесе қызметтің ұзақ уақыт көрсетілуі бойынша барлық мәселелерді ахуалдық орталық арқылы тез шешуге болады. Біз мәселені тез арада шешу үшін шаралар қабылдаймыз және бізге келушілер алдағы уақытта қызметті жылдам және сапалы түрде алатын болады. «Кері байланыс» үшін біз әрдайым дайынбыз және көрсетілетін қызметтерді алуға келген адамдарға қуана көмек көрсетеміз және өзіміздің жұмысымыздың әлсіз жақтарын түсініп, түзетуге тырысамыз, - деді Әсемгүл Балташева.
«Мысалы, жақында көрсетілген қызмет үшін берілген төмен бағаға ренжіген Талдықорған ХҚКО инспекторы клиентке дөрекілік танытып, оған одан әрі қызмет беруден бас тартқан. Байланыс орталығына шағым түсіп, ахуалдық орталықтың қызметкерлері дереу жағдайдың мән-жайын түсініп, әйел азаматқа толық көлемде қызмет көрсетілуін қадағалады. Әрине, кінәлі қызметкер тәртіптік жазаға тартылды», - деп қосты Әсемгүл Серікқызы.
1414 Бірыңғай байланыс орталығы – бұл қызмет сапасына шағымданудың жалғыз жолы емес. Www.facebook.com/gos.corporation және www.instagram.com/gos_corp әлеуметтік желілерінде «Азаматтарға арналған үкімет» ресми аккаунттары арқылы қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша түскен әрбір шағымға қатысты әр фактіге шұғыл түрде тексеріс жүргізіледі және шағымданған пайдаланушыларға орын алған жағдай бойынша егжей-тегжейлі жауап ұсынылады. Шағымдар мен өтініштер «Азаматтарға арналған үкіметке» Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында Басқарма төрағасының блогы арқылы да түседі, ондағы бір де бір құжат қараусыз қалдырылмайды.
Сонымен қатар ХҚКО-ларға апта сайын ешбір ескертусіз қарапайым қызмет алушылар кейпінде «жасырын сатып алушылар» келіп тұрады. Әсемгүл Балташеваның айтуынша, мұндай тексерістер мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы «осал жерлерді» анықтауға көмектеседі, ол келешекте ХҚКО инспекторларын оқытуға мүмкіндік береді. «Жасырын сатып алушылар» ХҚКО-ларға келген кезде барлық кемшіліктерді тіркеп, ол бойынша егжей-тегжейлі есеп дайындайды, оның негізінде біз фронт-офистердің басшыларына ұсынымдар береміз. Мысалы, кеңес беру кезінде мамандар қандай да бір қызметті көрсету бойынша ақпарат бере алмаса, менторлар жұмыскерлерге жұмыс орындарында оқыту сабақтарын жүргізеді», - дейді Балташева.
Менторлық институт халыққа қызмет көрсету орталықтарында 2011 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Менторларға ХҚКО жұмыскерлерінің ішінен үздіктері таңдалады. Әдетте, мемлекеттік қызмет көрсету жүйесіндегі олардың еңбек жолдары қарапайым өтініштерді беруден басталады, одан кейін жұмыс тәжірибесі мен өтілі арта келе, осы қызметкерлер өз әріптестерін оқыта алатын болады. Бүгінгі күні ХҚКО департаменттерінде 44 ментор жұмыс істейді және жақын арада олардың саны айтарлықтай ұлғаятын болады.