ЖЕТПІС БІР ПАЙЫЗЫ ЖОҒАРЫ БАЛЛ АЛДЫ
№10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушылары 22 маусымда ҰБТ тапсырды.
ҰБТ қорытындысы бойынша жыл сайын көш бастап келе жатқан лицей-интернат биыл да жақсы нәтиже көрсетті.
Лицейді биыл 41 түлек бітірді. Оның 12-сі «Алтын белгі», 19-ы «Үздік аттестат» иеленді. Шет елдің жоғары оқу орындарына және Назарбаев университетіне жалпы 8 түлек түскен болатын. Соның 3-і ҰБТ-ға қатыспады. Лицейден ҰБТ-ға 38 түлек қатысты. Ең жоғары 136 балды Әбдірәсіл Айзат Русланқызы иеленді. ҰБТ-ға қатысқандардың 71 пайызы 100-ден жоғары балл алды.
Биылғы жылы орташа көрсеткішті есептеуде біршама өзгешеліктер болып тұрғаны белгілі. Бұрын барлық қатысушы ҰБТ-да 5 пәннен емтихан тапсырса, биылғы жылы шығармашылық емтихан тапсыратын оқушылар ҰБТ-да 2 пәннен ғана («Оқу сауаттылығы» мен «Тарих» ) емтихан тапсырады. Осылайша орташа балға өзіндік әсерін тигізеді, яғни олар максималды 40 балл ғана ала алады. Себебі олар шығармашылық емтихандарын шілде айында тапсырады. Шығармашылық емтихан тапсыратын оқушыны есепке алмағанда, лицейдің орташа көрсеткіш -104,4. Жалпылама алғанда орташа көрсеткіші - 102,5-ті құрады.